Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ 22 ҮЙДІҢ ЖЕДЕЛСАТЫСЫ АУЫСТЫРЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 22 ҮЙДІҢ ЖЕДЕЛСАТЫСЫ АУЫСТЫРЫЛАДЫ

Шымкент қаласының құрылыс басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС тарапынан көп қабатты 22 үйдің жеделсатылары ауыстырылуда. Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданында – 1, Тұран ауданында – 1, ал Қаратау ауданында 25 жеделсаты жаңартылуда.

Бұл жұмыстарды 2026 жылдың ақпан-наурыз айларында толық аяқтау жоспарлануда.

Айта кетейік, ҚР Тұрғын үй туралы заңына сәйкес, нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу, оның ішінде жеделсатыға қатысты шешімдер пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жиналыста, меншік иелерінің жалпы санының үштен екісі келісім берген жағдайда қабылданады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*