Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАР ҚОҒАМ БАҚЫЛАУЫНДА

ШЫМКЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАР ҚОҒАМ БАҚЫЛАУЫНДА

 

«Шымкент-адалдық алаңы» жобасы аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің жатақханаларына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг жасаушылар тобына «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, арнайы мониторингтік топтың мүшелері мен қоғам белсенділері тартылды.
Шараның мақсаты – студенттерге жатақхана бөлудегі ашықтықпен, жатақханаларының жағдайымен танысу, жастардың қандай жағдайда тұрып жатқандығына көз жеткізу.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің №5 жатақханасы да 588 студентке арналған. Қазіргі таңда мұнда шетелдік және алыс аймақтарда тұратын 420 студент қоныстанған. Басым бөлігі көктемгі семестрді аралас форматта бастаған бірінші курс студенттері. Олар жатақхана өз көңілдерінен шығатындығын айтады. Қазір карантин кезеңіне байланысты студенттердің барлығы да қашықтықтан білім алып жатқандықтан, интернет деңгейі де жақсы. Санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып, әр сенбі, жексенбі күндері дизинфекциялық шаралар іске асады.
«Жатақханада студенттерге барлық жағдай жасалғаны байқалады», — дейді мониторингтік топ өкілдері. Олардың айтуынша, қысқа уақыт ішінде қаладағы барлық жоғарғы оқу орындарының жатақханаларын аралап, кемшіліктер табылған жағдайда оларды жою бойынша білім беру орындарының басшыларымен бірлесе жұмыс жасалатын болады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*