Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНДА ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНДА ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысындағы автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстау жұмыстары күшейтілді,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение снегоочиститель, Арктика и текст

Облыс аумағындағы жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 17 692 шақырымды құрайды. 2025–2026 жылдардағы қысқы маусымда облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерін уақтылы қардан тазалау, көктайғақтың алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар қолға алынған. Аталған жұмыстарға жалпы 330 арнайы техника мен 1155 жұмысшы жұмылдырылады. Бұл – өңірде қысқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды дайындықтың бір бөлігі.

Көктайғақтың алдын алу үшін қажетті инертті материалдар қоры да алдын ала жасақталған. Атап айтқанда, 10 151 текше метр құм және 2278 тонна тұз жинақталған. Сонымен қатар қысқы маусымда техникалардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі де шешілген. Жалпы көлемі 178,6 тонна дизель отыны мен 44,1 тонна бензинге жанар-жағармай бекеттерімен тиісті келісімшарттар жасалған.

Жолдардың қысқы маусымдағы жағдайы мен күтіп ұстау бағытындағы жұмыстар облыс әкімдігінде арнайы талқыланып, өңір басшысы Нұралхан Көшеров жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Аймақ басшысы қысқы кезеңде жол қауіпсіздігіне салғырт қарауға жол берілмейтінін қадап айтты.

– Облыс аумағындағы автомобиль жолдарының қысқы мерзімге дайындығын тұрақты бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда қосымша техника мен жұмыс күшін тарту керек. Инертті материалдар мен жанар-жағармайдың резервтік қорын ұлғайту маңызды. Басты мақсат – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, адам өмірін сақтау. Қысқы маусымда барлық деңгейдегі автомобиль жолдары бойынша атқарылатын жұмыстардың жоспары бекітіліп, асулар мен қауіпті учаскелерде дайындық жоғары деңгейде болуы тиіс. Жоспарланған жұмыстар мерзімінде орындалмаған жағдайда басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің тәртіптік жауапкершілігі қаралатынын ескертемін, – деді Нұралхан Көшеров.

Нет описания фото.

Сондай-ақ облыс әкімі апатты жағдайдағы көпірлерді жедел зерделеп, жөндеу жұмыстарын жүргізуді және республикалық маңызы бар жолдар бойында мал өтетін арнайы өткелдер ашу мәселесін де тапсырды.

Мәжіліс барысында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Қуатбек Нұрбаев пен Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жуматаевтың есептері тыңдалды. Олардың айтуынша, арнаулы мекемелер ауа райының қолайсыздығына толық дайын, жолдардың жай-күйі тәулік бойы бақылауда.

Қыс мезгілінде жолда қалып қойған жолаушыларға жағдай жасау мақсатында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы асуларда 4 жылыту бекеті жұмыс істейді. Олар Бәйдібек ауданындағы Шыбықбел, Одаманбұлақ және Созақ ауданындағы Ащысай, Таскөмірсай асуларында орналасқан. Жылыту бекеттері көмірмен, төсек-орынмен және азық-түлікпен толық қамтамасыз етілген, бір мезгілде 40 адамды қабылдай алады.

Республикалық маңызы бар жолдарға тоқталсақ, Түркістан облысы аумағында олардың жалпы ұзындығы 678 шақырымды құрайды. Бұл жолдарды күтіп ұстау үшін 3 жол пайдалану бөлімшесі, 12 жол пайдалану пункті және құм мен тұз сақтайтын 2 ірі қойма жұмыс істейді. Көктайғақтың алдын алу үшін 9600 текше метр құм, 7 мың тонна тұз және 46 тонна химиялық реагент дайындалған. Жұмылдырылатын жұмысшылар саны – 140, ал арнайы техникалардың жалпы саны – 69. Бұдан бөлек, биыл 16 ірі техника сатып алу жоспарланып отыр.

Возможно, это изображение отдел новостей, помост и текст "ஒ"

Жалпы, облыста қысқы кезеңдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болып, тұрғындардың қауіпсіз қозғалысына барынша жағдай жасау көзделіп отыр.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*