Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАНУАРЛАРҒА ЧИП САЛУ АРҚЫЛЫ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ ЦИФРЛАНДЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАНУАРЛАРҒА ЧИП САЛУ АРҚЫЛЫ ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ ЦИФРЛАНДЫРЫЛУДА

Түркістан облысында ветеринария саласын цифрландыру бағытында нақты қадамдар жасалуда,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Нет описания фото.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Шаға ауылдық округінде іске асырылып жатқан «Ветеринария саласын цифрландыру» пилоттық жобасымен танысты. Бұл жоба жануарларды чиптеу арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын толық әрі нақты есепке алу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынған. Аймақ үшін маңызы зор бастама ветеринария саласындағы жүйесіздікті жойып, бақылауды күшейтуге бағытталған.

Жобаның жалпы құны 4 млн теңгені құрайды. Қуаттылығы – 5 мың дана шағылысатын лента. Қазіргі таңда 5 мың дана арнайы лента сатып алынып, аудан және қала аумақтарындағы жол бойында орналасқан шаруашылықтарға таратылуда. Бұл шаралар, ең алдымен, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол бойында еркін жүрген жануарлардың нақты есебін жүргізуге және мал иелерінің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Чиптеу жүйесін енгізу нәтижесінде облыс көлеміндегі мал басының шынайы әрі бірыңғай дерекқоры қалыптасады. Бұл ветеринариялық іс-шараларды жоспарлауда, жұқпалы аурулардың алдын алу мен бақылауда, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады. Әрбір жануардың өмірлік тарихы – вакцинациясы, ем-шаралары, қозғалысы мен тіркелуі толықтай цифрлық форматта сақталып, уәкілетті органдардың бақылауында болады.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Мамандардың айтуынша, чиптеу бір жануарға өмір бойына бір рет салынады. Осы арқылы жалған мал басын субсидиялау, қағаз жүзіндегі есепті көбейту, несиеге алынған жануарларды көрсетпеу секілді келеңсіз жайттарға жол берілмейді. Сонымен қатар вакцинациялау барысында сканер арқылы мәліметтерді дерекқорға жедел енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл ветеринар мамандардың жұмысын жеңілдетіп, уақыт үнемдеуге ықпал етеді.

Жоба аясында облыста 109 бірыңғай байланыс орталығы ветеринария саласында іске қосылды. Енді ауыл тұрғындары ветеринар мамандардың қызметіне жүгініп қана қоймай, көрсетілген қызметті бағалап, кері байланыс қалдыра алады. Бүгінге дейін аталған орталыққа 441 өтінім түскен. Сонымен қатар ақылы ветеринариялық қызметтерге автоматты төлем жасау үшін QR код жүйесі енгізілген. 109 байланыс орталығын одан әрі дамыту және жасанды интеллект элементтерін енгізу бағытында мердігер компаниямен тиісті келісімшарт жасалған.

Сапар барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жануарларды есепке алу, вакцинациялау және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті міндеттердің бірі екенін атап өтті. Аймақ басшысы пилоттық жобаны жан-жақты зерделеп, алдағы уақытта оны облыс көлемінде кеңінен енгізу қажеттігін айтты.

Возможно, это изображение скорая помощь и автомобиль

Айта кетейік, соңғы жылдары Түркістан облысында ветеринария саласына ерекше көңіл бөлінуде. Материалдық-техникалық база кезең-кезеңімен нығайтылып келеді. Мәселен, 2025 жылы жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңгеге 85 дезинфекциялық автокөлік сатып алынса, қосымша бюджеттен 34,4 млн теңгеге төл алу мен өнімділік көрсеткішін арттыру мақсатында 17 УДЗ сканер аппараты жеткізілген. Бұл – саланы жаңғыртуға бағытталған жүйелі қолдаудың нақты көрінісі.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*