Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 10 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЗАМАНАУИ ТҰҚЫМБАҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 10 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЗАМАНАУИ ТҰҚЫМБАҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістан облысында тұқымбақтардың көлемін ұлғайту, климаттық жағдайды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Өңірді көгалдандыру, экологиялық ахуалды жақсарту және жасыл желектер санын арттыру мақсатында Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, жаңа әуежай тасжолының бойында жалпы аумағы 10 гектарды құрайтын заманауи орман тұқымбағы салынуда.

Нет описания фото.

Жасыл белдеуде тұқымбақ құру жобасының тапсырыс берушісі – облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Ал құрылыс жұмыстарын «Нинес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. Жоба өңірдегі экожүйені сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде бағаланып отыр.

Құрылыс барысымен танысу мақсатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұқымбақ аумағына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көзбен көрді. Аймақ басшысы облыс аумағын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын тиімді әрі сапалы жүзеге асырудың маңызын атап өтіп, жауапты сала өкілдеріне нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

Заманауи орман тұқымбағының негізгі мақсаты – қала, аудан орталықтары мен елді мекендерді, сондай-ақ Түркістан қаласының айналасында құрылған жасыл белдеуді әртүрлі қылқан жапырақты және сәндік ағаш-бұта көшеттерімен тұрақты түрде қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде өңірдің экологиялық тепе-теңдігін сақтауға, ауа сапасын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Возможно, это изображение парник и ростки

Жоба аясында тұқымбақ аумағында 6 жылыжай, арнайы бассейн, көлеңкелеу және тамшылатып суғару жүйелері, жылыту қазандығы, орманшыларға арналған тұрғын үй, ұңғыма, бастырма және жертөле қарастырылған. Қазіргі таңда нысанда газ, су және электрмен жабдықтау жұмыстары толық жүргізілген. Инфрақұрылымдық жұмыстардың аяқталуы көшет өсіру процесін жыл бойы үздіксіз жүргізуге жағдай жасайды.

Жобаның өндірістік қуаттылығы – жылына 1 575 000 түп көшет өсіруге мүмкіндік береді. Нысан толық іске қосылған жағдайда 20-дан астам жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда да маңызды жоба саналады.

Нет описания фото.

Сонымен қатар облыс көлемінде тұқымбақтардың аумағын алдағы жылдары одан әрі кеңейту жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімінің тікелей бақылауында. Айта кетейік, 2026–2028 жылдар аралығында осы заманауи орман тұқымбағынан 1 040,0 млн түп әртүрлі сәндік жапырақты және бұта тектес ағаш көшеттерін өсіру көзделген. Бұл бастама Түркістан облысын жасыл желекке орап, экологиялық тұрғыдан тұрақты өңірге айналдыруға елеулі үлес қоспақ.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*