Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Мегаполисте 1 ай бұрын дүниеге келген үшемдер бүгін үйіне шығарылды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл қуанышты жаңалық Шымкент қаласының медицина саласындағы жүйелі жұмыстың, дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің нақты нәтижесін айқындап отыр. Ауыр жағдайда босанған ана мен перзенттері бір айдан астам уақыт бойы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, қажетті медициналық көмектің барлығын алды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и больница

2025 жылғы 28 қараша күні Айгерім есімді жас ана жоспарлы түрде ота жолымен үшем қызды дүниеге әкелді. Сәбилердің салмақтары 1300–1500 грамм аралығында болған. Дүниеге келген алғашқы тәулікте нәрестелер қалалық перзентхананың жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауына алынып, кейін жағдайлары тұрақталған соң 39 күн бойы нәрестелер патологиясы бөлімінде ем қабылдады.

Медицина мамандарының айтуынша, мұндай жағдайда туған сәбилер үшін әрбір тәулік маңызды. Сондықтан неонатологтар, реаниматологтар мен мейірбикелер тарапынан тәулік бойы бақылау жүргізіліп, заманауи медициналық технологиялар қолданылған. Уақтылы көрсетілген көмектің арқасында үшемнің өмірге бейімделу үдерісі біртіндеп оң нәтиже берді.

5 қаңтар күнгі жағдай бойынша үш сәби де қажетті салмақ қосып, әрқайсысы шамамен 2300 грамға дейін жеткен. Қазіргі таңда нәрестелердің де, ананың да жағдайы тұрақты. Дәрігерлер олардың денсаулығы жасына сай дамып жатқанын айтып, үй жағдайында күтім жасауға рұқсат берді. Бүгін анасы мен үш қызы салтанатты түрде үйлеріне шығарылып, ақ халатты абзал жандарға алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қалалық перзентханалар заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, күрделі босанулар кезінде жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетуге толық мүмкіндік бар.

Возможно, это изображение больница

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылы Шымкент қаласында 27 457 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 286 егіз және 5 үшем тіркелген. Бұл көрсеткіш мегаполистегі демографиялық өсімнің тұрақты екенін көрсетіп отыр.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*