Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласының экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі – «Сауда-логистикалық орталық» индустриалды аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Jetpibai.kz тілшісі. Аталған жоба аймаққа инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту және жаңа өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында қолға алынған.

Нет описания фото.

Жоба шеңберінде индустриалды аймақты электр қуатымен, ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ кәріз жүйелерін салу қарастырылған. Бұл – сауда және логистика саласында қызмет көрсететін кәсіпорындардың үздіксіз әрі тиімді жұмыс істеуі үшін аса қажетті инфрақұрылымдық негіз.

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырмасына сәйкес, жобалау жұмыстарын «Батыс-Алға LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған. Ал құрылыс-монтаж жұмыстарын «Отау-Строй» ЖШС атқарса, нысанның сапасы мен талаптарға сәйкестігін «Ақтаустройэксперт» ЖШС техникалық қадағалау арқылы бақылап отыр.

Жоба аясында ауқымды жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, ұзындығы 9 шақырымға жуық кәріз желісі мен 12 шақырымнан астам су құбыры тартылды. Сонымен қатар көлемі 4 000 текше метрді құрайтын екі су резервуары, сорғы станциясы және бақылау-өткізу пункті салынды. Қазіргі таңда бұл нысандардың барлығы толық аяқталып, 100 пайыз дайын күйде.

Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 16 шақырым болатын 35 кВ кернеулі әуе электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Электр инфрақұрылымының іске қосылуы индустриалды аймақта орналасатын кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттырып, энергия тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді.

Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде «Сауда-логистикалық орталық» индустриалды аймағы инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылып, кемінде 18 кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне жол ашылады. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының құрылуына, шағын және орта бизнестің дамуына, сондай-ақ Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығының артуына оң әсер етпек.

Возможно, это изображение Стоунхендж

Мұндай инфрақұрылымдық жобалар мегаполистің экономикалық картасын кеңейтіп қана қоймай, өңірдің логистикалық әлеуетін күшейтіп, қала дамуына ұзақмерзімді серпін беретіні анық.

© Jetpibai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*