Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТУРИСТІК АЙМАҚ ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТУРИСТІК АЙМАҚ ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ПЫСЫҚТАЛУДА

Қарт Қаратау мен Алатаудың түйіскен тұсында орын тепкен Түлкібас ауданының табиғаты туризм кластерін дамытуға таптырмас аймақ, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Табиғаты көркем, ауасы таза, суы мөлдір бұл өңір соңғы жылдары ішкі туризмді дамыту тұрғысынан ерекше назарға ілініп отыр. Таулы аймақтар мен өзен-көлдердің үйлесімі демалушылар үшін де, инвесторлар үшін де тартымды бағыттардың біріне айналуы әбден мүмкін.

Возможно, это изображение водоем и трава

Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану мақсатында ауданда ішкі туризмді дамытуға бағытталған нақты қадамдар қолға алынбақ. Әсіресе, табиғи ландшафты сақтай отырып, экологиялық және отбасылық демалысқа лайық шағын туристік аймақтар құру мәселесі күн тәртібіне шығарылып отыр. Бұл бағытта аудан аумағындағы өзен бойлары мен тау бөктерлері жан-жақты зерделеніп, инфрақұрылымды жақсарту, жол, жарық, су мәселелерін шешу арқылы демалушыларға қолайлы жағдай жасау көзделуде.

Осы орайда аудан әкімі Асқар Естібаев Шарафкент ауылының маңында орналасқан, Балықты көлінен бастау алатын Балықты өзенінің бойында шағын туристік аймақ құру мүмкіндігін жауапты мамандармен бірге талқылады. Табиғи әлеуеті жоғары бұл аумақтың артықшылықтары, туристерді тарту мүмкіндігі, экологиялық талаптар мен қауіпсіздік мәселелері жан-жақты қаралды.

Возможно, это изображение лама гуанако и гора

Алғашқы кезеңде 5 гектар аумаққа 20 дана шағын демалыс үйшігін салу ұсынылып, жобаны жүзеге асырудың тетіктері пысықталды. Жобаның басты ерекшелігі – оған тек сол ауылдық округтің тұрғындары ғана қатыса алады. Яғни, туризмді дамыту арқылы ең алдымен жергілікті халықты қолдау көзделіп отыр. Қызығушылық танытқан әрбір округ тұрғынына шамамен 25 сотық жер телімі беріліп, бірыңғай бекітілген дизайн үлгісімен шағын үйшік салу қарастырылған. Бұл бір жағынан аумақтың сәулеттік келбетін сақтаса, екінші жағынан қызмет сапасын бір деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Туристік нысандарды қалыптастыру арқылы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту, ауыл экономикасын жандандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту негізгі мақсаттардың бірі болып отыр. Сонымен қатар, бұл бастама ауданның туристік тартымдылығын арттырып, сырттан келетін қонақтар легін көбейтуге жол ашпақ.

Возможно, это изображение трава

Асқар Сұлтанұлы жобаны іске асыру барысында барлық мәселені жан-жақты, егжей-тегжейлі зерделеуді, табиғи ортаға зиян келтірмей, заң талаптарын қатаң сақтауды тапсырды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, Балықты өңірі ауданның жаңа туристік нүктесіне айналуы мүмкін.

© Jetpisbai.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*