Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЕРЕКШЕ ДАРЫН ИЕСІ

ЕРЕКШЕ ДАРЫН ИЕСІ

Шымкенттегі зағип жандарға арналған арнайы кітапханада шығармашылық кеш өтті. Онда өмірге құштар азаматтар басқосып, өнерлерін ортаға салды. Аталған жиын барысында жазушы Ербек Бакиевтың «Тағдырыма тәнтімін» атты кітабының тұсаукесері болды. Кеште ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Бұл туралы «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ерекше дарын иесі Ербек Бакиев «Жас жаным құштар ақ таңға», «Өмірге ғашық жүректер» кітаптарының авторы. Сонымен қатарол  Тұңғыш зағип тележүргізуші. 2018 жылғы Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына енген. Қолдан келгенше еңсемізді тік ұстауға, мұңымызды, сырымызды бөлісуге  тырысамыз. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, ақыл — кеңесімізбен бөлісеміз», — дейді автор. Бүгінде қаламызда арнайы күтімді қажет ететін жандар үшін түрлі іс-шаралар мен байқаулар өткізіліп тұрады. Кітапхана зағип жандардың жан — жақты дамып, қоғамда еркін қалыптасуына жағдай жасап, рухани баюына зор  ыпал етуде.

Бәкір Нұрманбетов — Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың директоры: «Ермек өзі жастайынан өлең жазуға құштар жігіт. Алдағы уақытта кітапхананың арнайы бөлімінде кітапты өңдеп, заңип жандарға таратуға ниеттеніп отырмыз».

Ербек Бакиев –Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың Тифлология бөлімінің меңгерушісі: «Жалпы бүгінгі шарада өлең — жырлар және әнге айналған өлеңдерім оқылады. Кітап «Жалын» баспасынан 1000 данамен басылып шықты. Бұл кітап төрт бөлімнен тұрады. Осы қуанышты сәтті өзіміздің зағип және көзі нашар көретін жандармен бөлісіп, осы кешті арнап отырмыз».

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*