Парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар және ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ә.Исабек қалалық №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер және №3 №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің ұжымдарымен кездесті.
Кездесуде Жани Қамбар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алған, бергендерге жаза бар екенін жан-жақты түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, ол «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысымен таныстырып, жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Өз кезегінде қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Әзімхан Исабек адам бойындағы асыл қасиеттер: адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттау маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, Департамент тарапынан жүзеге асырылып жатқан жобалар талқыланып, әлеуметтік дертпен күрес жүргізу бастамасын әр отбасынан бастауды және қызметшілерді әдепті және қарапайым болуға шақырды.