Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БАЗАРЛАРДА САНИТАРЛЫҚ — АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

БАЗАРЛАРДА САНИТАРЛЫҚ — АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» енді. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, қазір үшінші мегаполисте эпидемиологиялық жағдай күрделене түскен. Десекте карантин мерзімі ұзартылған сайын сақтық шаралары солқылдап барады. Карантин талаптары қоғамдық көліктер мен сауда орталықтарында да ақсап тұр.

Карантин талаптары Шымкенттің шетінде орналасқан елдімекендерде аяқ асты болуда. Мәселен мынау Сайрам тұрғын алабындағы  «Ынтық ата» базары. Мұнда келушілер түгілі сатушыларда сақтыққа селсоқ қарайды. Бетперде тағылмайды, ортақ талап сақталмайды. Базардағылардың айтары бір. Сақтанып жүрміз –дейді. Бұл туралы «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Орталықтағы  Нұр – Сайрам базарындағы жағдайда дәл осындай. Қарапайым тазалық қағидалары да орындалмаған. Диз кілемше, санитайзерлерді былай қойғанда сатылып жатқан нанныңда беті жабылмаған. Олқылықтарға көз жеткізген мобильдік топ түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, учаскелік полиция инспекторы сауда орталығы егесіне  түсініктеме толтырғызды. Сайрам санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу барысында Шадимат сауда орталығы,Нұрсайрам базары, Ынтық ата базары карантин талаптарын сақтамағаны үшін мобильді топ шақырылып түсініктеме алынды.

Мегаполистің орталығындағы сауда нысандарында санитарлық талаптар мейлінше сақталуда. Оған себеп орталықтағы базарлар жіті бақылауда. Енді мобильдік топ  шет аймақтарда сақтық шараларын пысықтауды жөн көріп отыр. Соңғы екі тәулікте шаһарда індет жұқтырған 98 науқас тіркелген. Ал жыл басынан бері 1344 жағдай анықталса, оның басым бөлігі, яғни 702-сі наурыз айында жұқтырғандар. Мамандардың айтуынша, Шымкент «сары аймақтан» «жасыл аймаққа» бір апта көлемінде қайта оралмаса, жаңа қаулы шығып карантиндік шектеу-шаралар қатаңдайды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*