Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫҢ КӨҢІЛІ КӨТЕРІЛДІ

ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫҢ КӨҢІЛІ КӨТЕРІЛДІ

Бүгін — бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Жыл сайын осы күні әлемнің әр түкпірінде аутизмге шалдыққан балалардың қатысуымен түрлі акциялар ұйымдастырылады. Ерекше балалардың ата-аналары, дәрігерлер, қоғамдық ұйымдар біріккен шаралар өткізеді. Осыған орай мегаполистегі ерекше балалар ойын-сауық орталығына шақырылды. Бұл туралы «Оңтүстік» арнасына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпарттық агенттігі хабарлайды.

Аутизм дертіне шалдыққан балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, өз отбасында тәрбиеленуі қажет, дейді мамандар.

Гүлбахрам Ахметова – ата-ана: Біздерге балдарымызға соншалықты қуаныш сыйлағандарына рахмет. Біздің балалар қоғамнан қалыс қалмау керек. Біздің балалар көппен араласса дұрыс.

Бұл шараға  «Орда» қоғамдық қоры мұрындық болды. Игі бастаманы «Фиркан» ойын-сауық сауда орталығы да қолдады.  Қоғамдық қор науқас балалардың өсіп жетілуіне түрлі бағытта қолдау көрсетеді.

Дианара Ибраймова — «Орда» қоғамдық қорының мүшесі: Біздің фонд осы балдардың құқығын, Әлеуметтік мәселесін шешумен айналысады. Балаларымызға мем көмек көбірек тисе дейміз. Бұл балаларға көппен араласу керек.

Еліміз бойынша аутизмге шалдыққан 2 мыңнан аса бала бар.  Оның 97-сі шымкенттік балалар.  Осындай диагнозы бар  бүлдіршіндердің ата-аналарының айтуынша, үкімет тарапынан қолдау бар. Ерекше балаларды оңалту және қоғамға бейімдеу үшін арнаулы мецициналық орталықтар бар.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*