Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӘСІПОДАҚТАРЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЯ ТҮСТІ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӘСІПОДАҚТАРЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЯ ТҮСТІ

Шымкентте Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан кәсіподақ ұйымдарының өкілдері бас қосқан кеңейтілген халықаралық кездесу өтті. Жиында еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету және аймақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесудің басты мақсаты – халықаралық еңбек стандарттарына сәйкес жұмысшылардың құқықтарын қорғауда үш ел кәсіподақтарының өзара байланысын күшейту және тәжірибе алмасу. Басқосуға Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының, Өзбекстан кәсіподақтары федерациясы Ташкент облыстық кеңесінің және Тәжікстанның Соғды облысы кәсіподақтар кеңесінің өкілдері қатысты.
Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст "ОРТАЛЫК АЗИЯ ЕЛДЕРНИН еЗ. ЖЕНИНДЕГ дУМАКТЫК кс ВСтРЕЧА ТЕРРИТОРИАЛЬН СТРАН ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ по RODAGIE PUGIASY DAQTAR 可6次 Al ന NEAK EK HO Шымкент, 14-15 MPINKGH"
Жиын барысында сөз алған Шымкент қаласы «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев кәсіподақ ұйымдарының қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, еңбек адамының құқығын қорғауда кәсіподақтардың орны айрықша, ал мұндай халықаралық кездесулер бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді.
Кеңес аясында маңызды құжаттарға да қол қойылды. Атап айтқанда, Шымкент қаласы «Кәсіподақтар орталығы» мен Ташкент облысы кәсіподақтары арасында достық және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Құжат 2026 жылға дейінгі және одан кейінгі кезеңдерде бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Возможно, это изображение отдел новостей и текст
Өзбекстан кәсіподақтары федерациясы Ташкент облыстық кеңесі төрағасының орынбасары Уткирбек Рашидов бұл келісім екі ел арасындағы кәсіби байланысты нығайтып қана қоймай, мамандардың тәжірибе алмасуына жол ашатынын атап өтті. Оның сөзінше, алдағы уақытта ортақ семинарлар, оқыту бағдарламалары мен кәсіподақ қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған шаралар ұйымдастырылмақ.
Нет описания фото.
Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік әріптестікті дамыту, жастар саясаты және кәсіподақтардың қазіргі қоғамдағы рөлі сынды өзекті мәселелер де көтерілді. Тараптар алдағы уақытта мұндай кездесулерді тұрақты өткізуге ниетті екенін жеткізді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*