Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҰЛТ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАУШЫ

ҰЛТ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАУШЫ

Домбыра – қазақпен егіз аспап. Рухани мәдениетімізді осы күнге жеткізген қасиетті қара домбыра десек, қателеспейміз. Оның пайда болуы және дамуы жайлы аңыздар мен әңгімелер де көп. Жүргізілген археологиялық қазбалар мен тасқа қашалған ежелгі суреттерден домбыраның тарихы тереңде екендігін аңғаруға болады. Көнеден келе жатқан бұл аспап әлі де ұлтымызға қызмет етуде. Ал оны ұлықтаушылар бүгінде аз емес. Солардың бірі — отырарлық домбыра жасаушы шебер Анарбай Ахмет. Бұл туралы «Оңтүстік арнасына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шындығында домбыра біздің ұлтымыздың баға жетпес  рухани байлығы, асыл мұрасы. Оның ғасырдан ғасырға мұра боп жалғасуы —  оған деген халықтың зор  ықыласы мен  оны жасаушы шеберлердің арқасы    болса керек. Ал бұған  отырарлық шебер Анарбай Ахметтің де қосар үлесі аз емес. Өйткені,  шебер 30 жылдан   бері осы қасиетті домбыраны жасаумен айналысып келеді.

Бір қараған жанға домбыраның бәрі де бірдей  болып көрінуі мүмкін. Алайда,  сайып келгенде ол мүлдем қате пікір. Өйткені, көшірме домбырада сапа да болмайды, үні де шықпайды. Сондықтан оны өзінің тиісті талаптарын сай жасаған жөн, — дейді  шебер.

Анарбай Ахмет — шебер: «Домбыралардың пішімі болады. Мен 32 ден 52 —  домбыраға дейін жасаймын.  Мәселен, мектеп оқушыларына 42 пішіндегі домбыра қажет. Оны да лйықтап жасап беремін. 89 жылы бастадым. Сол жылы Алматыға аранйы барып, домбыра жасмады үйреніп, оқып келдім. Жазда шаруа көп,  ал қыста қол боста айналысамын.  Ағайын туысқа сыйлаймын, тапсырыпен жасаймын».

Домбыра жасау үшін негізінен қараағаш, тұт және жаңғақ ағаштары пайдаланылады. Анарбай шебер бүгінде құрама домбырадан бөлек, ағашты бүтіндей шабатын домбыра жасауды да қолға алған.   Ал ондай аспаптардың     сапасы да үні де  ерекше болары анық. Ал мұндай бұйым жасау —  екінің бірінің қолынан келе бермейді. Алайда, Анарбай Ахмет осындай шеберлігінің арқасында  ұлт мұрасын  ұлықтап қана қоймай, оны жаңғырта түсуде.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*