Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті.
Шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков және 300-ге жуық білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Онлайн шара барысында Департамент басшысы Асхат Жұмағали бүгінгі жиынның басты мақсаты – жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Асхат Жұмағали түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп отырғандығына қарамастан өткен жылы Департаментпен 120-ға жуық қылмыс тіркелгендігін, оның ішінде парақорлық және жымқыру фактілері басым екендігін жеткізді. Парақорлық үшін жауапкершіліктің күшейтілгенінен хабардар етіп, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды.
Өз кезегінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынғандығын, сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу мүмкіндігі тоқтатылғандығын, мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерден шоттар ашуға және иеленуге тыйым салынғандығынан және тағы да басқа заңнамаға енгізілген өзгерістерден хабардар етті.
Қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков адамның адам болып қалыптасуындағы ұстаздардың рөліне, бала тәрбиесіндегі көркем әдебиеттің орнына тоқталды.
Күн тәртібіндегі мәселе соңында сөз алған қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева аталған салада жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардан, жоспарлардан хабардар етті.
Шара соңында Департамент басшысы адал қызмет етуге, парасаттылық құндылықтарын жастар арасында көптеп дәріптеуге шақырып, білім саласы жетекшілерінің пікірлерін тыңдады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*