Түркістан қаласында жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қала әкімдігінің 2026 жылға арналған жоспарлы жобалары аясында Отырар секторына қарасты Жолымбек көшесінде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында ұзындығы 3 шақырымды құрайтын көшенің жол жабыны толық жаңартылып, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салынуда. Қазіргі таңда көшедегі ескі асфальт қабатын фрезалау жұмыстары толық аяқталған.
Сонымен қатар, мердігер мекеме тарапынан аяқжол құрылысы басталған. Жоспарға сәйкес, жаңа асфальт төсеу жұмыстары биыл мамыр айының алғашқы онкүндігінде толық аяқталды. Айта кетейік, Түркістан қаласы әкімдігінің бастамасымен биыл жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 160 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда.
Жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қала ішіндегі көлік қозғалысын реттеп, тұрғындардың күнделікті қатынауын әлдеқайда жеңілдетуге бағытталған. Жөнделіп жатқан көшелердің кеңеюі мен сапалы асфальт жабындысының төселуі жол қауіпсіздігін арттыруға да оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымның дамуы қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аяқжолдардың салынуы балалардың мектепке қауіпсіз баруына және егде жастағы азаматтардың еркін қозғалуына жағдай жасайды.
Жол жөндеу жұмыстары барысында заманауи стандарттарға сай материалдар қолданылып, сапаға ерекше мән берілуде. Бұл жөнделген көшелердің ұзақ мерзім қызмет етуін қамтамасыз етіп, алдағы жөндеу шығындарын азайтуға ықпал етеді.
Алдағы кезеңде қала аумағындағы жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып, негізгі және шағын көшелердің барлығы кезең-кезеңімен жаңартылатын болады.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары