Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Абай ауданында «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді

Абай ауданында «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру аясында Абай ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарына жауап беру және халықпен кері байланысты нығайту. Акция барысында аудан тұрғындары құқықтық сипаттағы өзекті мәселелер бойынша мамандардан кеңес алып, көтерген сұрақтарына қатысты жан-жақты түсіндірмелерге ие болды.

Шара аясында 50-ге жуық азамат қабылданып, олардың өтініштері мен мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетілді. Азаматтар жер, тұрғын үй, әлеуметтік қамтамасыз ету, еңбек қатынастары және басқа да құқықтық бағыттар бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпарат алды.

Осындай іс-шаралар халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Шымкент қаласының прокуратурасы алдағы уақытта да тұрғындарға құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*