«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласында сенбіліктер мен санитарлық-тазалық жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл бастама қала аумағын қоқыстан тазарту, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Шымкент қаласында қолайлы әрі көрікті қалалық орта қалыптастыру мақсатында гүлзарлар мен жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Мамандар күн сайын гүлдерді суарып, арамшөптерден тазартып, топырағын қопсыту жұмыстарын атқаруда.
Қаланың эстетикалық келбетін сақтау және гүлзарлардың сәнін арттыру мақсатында маусымдық агротехникалық шаралар да кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл жұмыстар гүлдердің жайқалып өсуіне және қала аумағының көркеюіне оң әсерін тигізеді.
Көгалдандыру бағдарламасы аясында шаһарда жыл сайын маусымдық және көпжылдық гүлдер отырғызылады. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасып, қаланың негізгі көшелері, айналма жолдары, саябақтары, гүлзарлары мен қоғамдық кеңістіктері түрлі гүлдермен безендірілуде.
Бүгінгі таңда мегаполис аумағына 800 мыңға жуық гүл көшеті егілді. Гүлдерді отырғызу және оларды күтіп-баптау жұмыстары маусым бойы жалғасады. Осы мақсатта арнайы техника мен білікті мамандар жұмылдырылған.
Жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы әрі тартымды орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, Шымкент қаласының жасыл аймақтарын кеңейту жұмыстары қала климатының жақсаруына және ауаның сапасын арттыруға ықпал етуде. Мамандардың айтуынша, көгалдандыру деңгейінің артуы мегаполисте жаз мезгіліндегі аптап ыстықтың әсерін төмендетіп, тұрғындар үшін қолайлы микроклимат қалыптастырады.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында қаланың туристік тартымдылығын арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Гүлмен көмкерілген көшелер мен саябақтар қала қонақтарына жағымды әсер қалдырып, Қазақстан бойынша жасыл әрі көрікті мегаполистердің бірі ретінде Шымкенттің имиджін нығайтуға мүмкіндік беруде.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары