«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде аудан аумағындағы халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Шара барысында тұрғындарға сталкинг (қудалау), отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, некеге мәжбүрлеу секілді құқық бұзушылықтардың қоғамға тигізетін зияны түсіндіріліп, мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа немесе өзге де қысым көрсету әрекеттеріне тап болған азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары жөнінде түсіндіріп, қажетті жағдайда жүгінуге болатын мекемелер мен байланыс нөмірлері көрсетілген арнайы жадынамалар таратты.
Аталған жұмыстар тұрғындардың құқықтарын қорғауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шара аясында мамандар тұрғындармен ашық форматта пікір алмасып, құқықтық мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Азаматтарға отбасындағы жанжалдардың алдын алу, өз құқықтарын қорғау және заң аясында әрекет ету жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен олардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу қажеттігі айтылып, мұндай жағдайлар анықталған кезде тиісті органдарға дереу хабарласудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамауға үндейді. Сондай-ақ азаматтар арасында заң талаптарын сақтау мен өзара құрмет қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
Алдағы уақытта да Қаратау ауданында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары