Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы және «Парасат жолы» орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» рухани –мәдени акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атты әдеби кеш өтті. Кешке 6506 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Іс-шара барысында кітап көрмесінің таныстырылымы болып, кітаптар жайында толық мағлұмат берілді. Сонымен қатар, «Поэзия» жанры бойынша таңдалған М.Мақатаевтың «Өмірдастан», Ж.Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным», Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап», С.Ақсұңқарұлының «Көкейімде Күлтегіннің жазуы», Т.Таңжарықтың «Түн парақтары», Б.Қанапияновтың «Достояние души» жыр-жинақтарының желісі бойынша дайындалған «Жұлдыз шашқан жырлар» атты бейнепоэзия көрсетілді. Кеш соңында сарбаздар Ж.Нәжімеденовтің «МеніңҚазақстаным» жинағынан әдеби-композиция ұсынып, патриоттық әндер орындады.
Естеріңізге сала кетсек, ақпан айының басында Агенттік пен Мәдениет және спорт министрлігінің бірінші басшыларымен меморандумға қол қойылып, зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан «Парасат жолы» жобасының тұсауы кесілген болатын. Аталған жоба қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға, халықтың әдеби, мәдени және шығармашылық құндылықтарын пайдалана отырып парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған.