Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕДЕ АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША ОРНАТЫЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕДЕ АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША ОРНАТЫЛДЫ

 

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері мемлекеттік мекемелерде 1424 Call-орталығы және жобалық кеңсенің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық афишалар орнатуда.
Мақсат – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, 1424 call орталығына қоңырау шала отырып, кез-келген тұрғын өз ақпаратын сеніп тапсыра алатынын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алатыны жайлы түсіндіру.
Сонымен қатар, Call-орталыққа қоңырау шалу тегін және тәулік бойы жұмыс істейді. Орталық қызметкерлері азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, сондай-ақ дайындалып жатқан және жасалатын қылмыстар туралы хабарламаларды өңірлерге дереу жолдайды.

Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттік орган қоғам тарапынан нақты және пәрменді қолдау арқылы ғана табысқа жете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды, атап айтқанда, халықтың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады.

Орталық сыбайлас жемқорлық фактілері, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар жөнінде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына тәулік бойы ден қояды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*