Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға байланысты мәжіліс өтті.

Жиынға тиісті басқарма басшыслары, сондай-ақ қала және аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Мәжілісте облыс аумағындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың қазіргі жағдайы, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер жан-жақты талқыланды. Әсіресе, өңірдегі әлеуметтік қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстау, халықпен кері байланысты күшейту, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

– Қоғамдық тұрақтылық – өңір дамуының негізгі тірегі. Сондықтан әрбір аудан мен қалада ахуалды жіті бақылап, тұрғындармен ашық әрі жедел кері байланыс орнату – басты міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Мәжіліс қорытындысында барлық жауапты тұлғаларға берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алу және атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты есеп беріп отыру міндеттелді.

Облыстағы қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту мақсатында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестірудің маңыздылығы да атап өтілді. Бұл бағытта тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қою, өзекті мәселелердің алдын алу және оларды уақытылы шешу тетіктерін жетілдіру қажеттігі айтылды.

Жиын барысында қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты зерделеу, ақпараттық кеңістіктегі үрдістерге жүйелі мониторинг жүргізу және алдын алу шараларының тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде нақты міндеттер белгіленді. Қатысушылар алдағы кезеңде аталған бағыттар бойынша бірлескен жұмысты күшейтуге дайын екендіктерін жеткізді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*