Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Әскери қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық

Әскери қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық

Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл» ұғымының мазмұны «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі» ретінде ашылады.

Ал «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» – «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі»

Әскери қызметтегі сыбайлас жемқорлық құқыққа қарсы жасаған іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік),  қоғамға  өкілеттік лауазымын пайдалана отырып заңға сәйкес немесе заңға қарсы олардан пайда көру мақсатында (ақша, бағалы заттар, өзге мүлік, мүлікке құқық немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде жеке өзі немесе делдал арқылы) алу.

Әскери қызметкер, басқа мемлекеттік лауазымдар сияқты, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін  қылмыстық, азаматтық құқық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл классификациясының негізгі анықтайтын элементі қоғамға келтіретін қауіп-қатер деңгейі, сол бойынша заң бойынша жауапкершіліктің түрлеріне шектеу қоюға мүмкіндік береді және талапқа сай санкция анықталады.

Әскери қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаудың негізгі кезі болып, мемлекеттің не қоғамның мүдделеріне қарамастан оның пайдакүнем мақсатындағы, әскери қызметкердің өзінің өкілетті лауазымын пайдалану болып табылады.

Сондай-ақ сыбайлас жем­қорлық рейтингін анық­тау кезінде қылмыстың ауыр­лығын және қоғамға әсер ете­тін қауіптілік дәрежесін ескеру қажет.

Сонымен қатар Қорғаныс ми­нистр­лігі кез келген ұсақ құқық бұзу­шы­лықтар мен қыл­мыстарға жол беру­ге бол­майды деп санайды және мұн­­дай жағдайда нөлдік төзім­ділікке тәрбиелейді.

Әскери ортадағы сыбай­лас жем­қор­лық деңгейі Қару­лы Күштерге мем­ле­кеттің қорғаныс қабілетін қам­та­масыз ету бойынша қойылған мін­­дет­терді орындауға мүм­кіндік береді.

Құрылған гарнизондық сыбайлас жемқорлыққа қар­сы комиссия­лар Қарулы Күш­тердегі сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимылға жаңа серпін береді.

Жергілікті әскери басқару орган­дарында (әскери комиссариаттарда) сыбайлас жем­қорлықтың туындау се­бептері мен шарттары жо­йы­луда. Қо­рғаныс істе­рі жөніндегі депар­та­мент­тердің бірінің базасында әске­ри есеп­ке қоюдан бастап әске­ри билетті алуға дейінгі бар­лық қызметтерді элек­т­рон­ды түрде көрсетуді көз­дей­­тін пилоттық жоба құрыл­ды. Аталған жоба пысық­тал­ған­нан кейін мұндай тәсіл бар­лық жерде енгізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, әскери қыз­метшілердің сы­байлас жем­қорлыққа қарсы мәде­ние­тін қалыптастыруға және азамат­тардың Қарулы Күш­терге деген сенімін арттыруға бағытталған «Қару­лы Күштер – Адалдық алаңы» жоба­лық кеңсесі ашылды.

Әскери полиция бас бас­қар­­ма­сы­ның құрылымын­да сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма құрылды. Ол ең алдымен, сыбайлас жемқорлық себептерін анықтай отырып, осы салада терең талдау жұмыстарын жүргізеді.

 

Бөрлібай КАИПОВ,

Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*