Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАЗЫҒҰРТ: ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қазығұрт ауданында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Мерекелік жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбай сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудағы, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғаудағы еңбектеріне жоғары баға берді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты ел дамуының және азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің басты кепілі екенін атап өтті. Сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсібилігі, адалдығы мен жауапкершілігі қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтуда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Салтанатты шара барысында қызметтік міндетін үлгілі атқарып жүрген бірқатар полиция қызметкерлері мен сала ардагерлері марапатталып, олардың ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы елеулі еңбектеріне алғыс білдірілді.

Қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықтың сақталуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріне толағай табыс тілейміз.

Қазығұрт ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осы бағытта тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң бұзушылықтың алдын алу және әділеттілік қағидаттарын орнықтыруға ерекше мән берілуде.

Ауданда құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру бойынша түсіндіру және алдын алу шаралары тұрақты жүргізілуде. Бұл ұстаным қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге бейжай қарамау мәдениетін арттыруға бағытталған. Әрбір тұрғынның заң талаптарын құрметтеуі қауіпсіз әрі тұрақты қоғам құрудың маңызды негізі болып табылады.

«Заң және тәртіп» топтастырылған нарративі аясында Қазығұрт ауданында құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру және мемлекеттік органдарға деген сенімді күшейту бағытында жұмыстар жалғасуда. Бұл бастамалар қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың өздерін қауіпсіз сезінуіне және құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және тұрғындармен өзара байланысты күшейту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің кәсіби еңбегі мен жауапкершілігі халықтың сенімін арттырып, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды тірегіне айналып отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*