Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ҚАЗЫҒҰРТТА «ТАСЫМАЛДАУШЫ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

ҚАЗЫҒҰРТТА «ТАСЫМАЛДАУШЫ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

2026 жылғы 28–30 шілде аралығында Қазығұрт ауданының аумағында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – көлік саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолаушылар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау талаптарының сақталуын бақылау.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық көліктер мен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автокөліктерге тексеру жүргізіп, жүргізушілердің заң талаптарын және жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын сақтауын бақылауда.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Қазығұрт аудандық полиция бөлімі жүргізушілер мен тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Аталған іс-шара Қазығұрт ауданында заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту және азаматтардың қауіпсіз ортада жүріп-тұруына жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Жол қауіпсіздігіне қатысты талаптарды сақтау – әрбір азаматтың жауапкершілігін талап ететін маңызды міндеттердің бірі.

Құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидаты аясында жол қозғалысы саласындағы тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға ерекше мән берілуде. Себебі жолдағы қауіпсіздік тек бақылау шараларымен емес, әрбір жүргізуші мен жолаушының заң талаптарына саналы түрде қарауымен қамтамасыз етіледі.

«Заң және тәртіп» топтастырылған нарративі негізінде аудан аумағында құқықтық мәдениетті арттыру, тұрғындардың заң талаптарын құрметтеуін қалыптастыру және қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарауын түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Мұндай профилактикалық іс-шаралар қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған алдын алу шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің бірлескен жұмысы арқылы қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*