Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАЗЫҰРТТА «БОРЫШКЕР» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗЫҰРТТА «БОРЫШКЕР» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Қазығұрт ауданы аумағында 22 маусым мен 26 маусым аралығында «Борышкер» жедел профилкактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты – аудан көлемінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған әкімшілік айыппұлды ерікті түрде және мәжбүрлі түрде өндіру жұмысын жандандыру, борышкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау.
Шара барысында жеке сот орындаушыларымен бірлескен жұмыстар атқарып, әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген құқық бұзушыларды анықтап, олардан салынған әкімшілік айыппұлдарды толық өндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қарызды өндіру бойынша тиісті шаралар қабыладанады. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтіледі.

Құқық қорғау органдары азаматтарды әкімшілік айыппұлдарды заңда белгіленген мерзімде төлеуге шақырады. Уақтылы төленген айыппұл қосымша шығындар мен мәжбүрлеп өндіру шараларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Іс-шара аясында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бойынша түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Тәртіп сақшылары тұрғындарға заң талаптарын сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі екенін ескертуде.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық кездесулер ұйымдастырылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға басымдық берілуде. Бұл жұмыстар тұрғындардың заң талаптарына деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

Жеке сот орындаушыларымен өзара іс-қимыл нәтижесінде атқарушылық құжаттардың орындалу барысы тұрақты бақылауда ұсталып, берешегі бар тұлғаларға заң аясында тиісті шаралар қолданылады.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар аудан аумағында құқықтық тәртіпті нығайтып, азаматтардың заң талаптарын орындау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосады.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектерінің бар-жоғын алдын ала тексеріп, оларды уақытылы өтеуге шақырады. Заң талаптарын сақтау – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды кепілі.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*