Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » «Адал азамат» – жарқын болашақтың кепілі

«Адал азамат» – жарқын болашақтың кепілі

Түркістан қаласында білім беру саласын дамыту, сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңірумен қатар, олардың азаматтық жауапкершілігін, отансүйгіштігін және қоғамдық ортадағы белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы ретте жас ұрпақты адалдыққа, еңбекқорлыққа және адамгершілікке баулитын «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының орны айрықша.

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің болашағы ең алдымен өскелең ұрпақтың тәрбиесіне байланысты. Сондықтан бүгінгі таңда жас буынға сапалы білім берумен қатар, олардың бойына ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сіңіру – білім беру ұйымдарының басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының маңызы ерекше.

«Адал азамат» бағдарламасы – жас ұрпақты елін сүйетін, ұлттық рухы жоғары, еңбекқор, білімді әрі жауапты тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған кешенді тәрбие жобасы. Бағдарлама аясында оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, құрмет, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді дамытуға басымдық беріледі.

Бүгінгі оқушы – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Сондықтан олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін орнықтыру аса маңызды. «Адал азамат» бағдарламасы осы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді тетігіне айналып отыр.

Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – ұлттық құндылықтарды заманауи талаптармен ұштастыра отырып, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуында. Оқушылар туған жердің тарихын танып, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге, өз елінің дамуына үлес қосуға ұмтылады. Мұндай тәрбие олардың азаматтық ұстанымын нығайтып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады.

Біздің мектепте де «Адал азамат» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Түрлі тәрбиелік іс-шаралар, патриоттық кездесулер, қайырымдылық акциялары мен қоғамдық жұмыстар арқылы оқушылардың бойында адалдық пен жауапкершілік құндылықтары қалыптастырылуда. Әрбір шәкірттің өз қабілетін дамытуына, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына жағдай жасау – біздің басты мақсатымыз.

Түркістан қаласында білім беру саласын дамыту бағытында тәрбиелік жұмыстармен қатар, сапалы білім берудің мазмұны мен педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға да ерекше мән берілуде. Себебі оқушының жан-жақты қалыптасуында мұғалімнің білімі, кәсіби шеберлігі мен жеке өнегесі айрықша рөл атқарады. Осы ретте педагог мәртебесін көтеру және ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңызын кеңінен насихаттау – білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі.

Өскелең ұрпақ арасында педагог кәсібін танымал ету де қазіргі таңда өзекті міндеттердің қатарында. Ұстаздық – тек білім берумен шектелмейтін, жас ұрпақтың дүниетанымы мен азаматтық ұстанымының қалыптасуына ықпал ететін жауапты мамандық. Сондықтан оқушыларға педагог еңбегінің қадір-қасиетін түсіндіру, мұғалім мамандығына деген құрметті қалыптастыру болашақта білімді әрі білікті мамандардың қатарын толықтыруға ықпал етеді.

Бұл бағыттағы жұмыстарды мемлекеттік тілде сапалы ақпараттық сүйемелдеу мен түсіндірудің де маңызы зор. Білім беру саласындағы оң өзгерістер, педагогтердің жетістіктері, тәрбиелік жобалар мен үздік тәжірибелер туралы мазмұнды ақпаратты көпшілікке түсінікті түрде жеткізу қоғамның білім саласына деген сенімін арттырады. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, ұлттық тәрбие мен білім беру құндылықтарын насихаттауға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі және орта білім беруді дамыту да баланың тұлғалық қалыптасуының берік негізін қалайды. Балаға ерте жастан дұрыс бағыт-бағдар беріп, оның танымдық қабілетін, қарым-қатынас мәдениетін және жауапкершілік сезімін дамыту кейінгі білім алу кезеңдерінде жақсы нәтижеге жеткізеді. Сондықтан білім берудің барлық деңгейінде тәрбие мен оқытудың өзара сабақтастығын қамтамасыз ету маңызды.

Түркістан қаласының білім беру жүйесінде осындай бастамалардың қатар жүзеге асуы жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беруге бағытталған орта қалыптастырады.

Елдің ертеңі – білімді де тәрбиелі жастар. Сондықтан «Адал азамат» бағдарламасы арқылы қалыптасқан жас ұрпақ адал еңбек етіп, қоғамның дамуына өз үлесін қосатын, мемлекетіміздің сенімді тірегіне айналатынына сенім мол.

А. Момбеков,

Түркістан қаласының білім бөлімінің Р.Исетов атындағы № 20 жалпы білім беретін мектеп директоры

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*