Түркістан облысы білім басқармасы Түркістан қаласының білім бөлімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы 2015 жылы 16 каңтардағы №12 бұйрығы (02.06.2023 ж.
№157 бұйрығына сайкес (енгізілген өзгерістер негізінде) 2026 жылдың шілде айында қаладағы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері арасында
«Үздік педагог» атаған беру конкурсы өтетінін хабарлайды.
«Үздік педагог» атағын беру конкурсынын І кезеңі ағымдағы жылғы шілдеде өткізіледі, онда ІІ кезеңге қатысу үшін конкурстық комиссия ұсынған қала деңгейінде Конкурс жеңімпаздары айқындалады.
Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
1) І кезең- аудандық, қалалық (облыстық, Республикалық маңызы бар қалалар) деңгейі;
2) ІІ кезең- облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен Астана) деңгейі;
3) III кезен – Республикалық деңгей.
«Үздік педагог» атағы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
«Үздік педагог» атағы бір педагогке он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
«Үздік педагог» атағын беру конкурсына білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру
ұйымдарының педагогтері қатысады.
Конкурс педагогтердің кәсіби шеберлігін, шығармашылық ізденісін және білім беру үдерісіне енгізіп жүрген озық тәжірибесін кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Бұл – ұстаздардың өз еңбегін саралап, педагогикалық жетістіктерін көрсетуіне және кәсіби тұрғыдан жаңа белестерге ұмтылуына жол ашатын маңызды алаң.
Конкурсқа қатысушылардан өздерінің кәсіби қызметіндегі нәтижелерін, тиімді әдіс-тәсілдерін және білім алушылардың сапалы білім алуына қосқан үлесін жан-жақты таныстыру күтіледі. Әрбір педагогтің тәжірибесі мен ізденісі білім беру сапасын арттыруға бағытталған үздік бастамаларды анықтауға ықпал етеді.
«Үздік педагог» атағына үміткер барша ұстаздарға шығармашылық табыс, жоғары нәтижелер және сәттілік тілейміз! Кәсіби еңбектеріңіз бағаланып, педагогикалық жетістіктеріңіз көпшілікке үлгі болсын!
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары