Түркістан қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, тәуекел тобындағы білім алушылармен жүргізілетін жұмысты жетілдіру, профилактикалық іс-шаралардың сапасын күшейту мақсатында семинар өткізілді.
Жиынға Түркістан облысы Психологиялық қолдау орталығының директоры Баймұхамбетова Мөлдір Зайнуллақызы және Түркістан қаласы бойынша орталықтың жауапты мамандары Т. Шырынбекова мен А. Нуржауов қатысып, тәуекел тобындағы балаларды ерте кезеңде анықтау, олармен жүйелі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру, бақылау парақтарын тиімді пайдалану және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бағытында әдістемелік түсіндірмелер берді.
Кездесуге мемлекеттік және жекеменшік мектептердің директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтар қатысты.
Жиын барысында:
— тәуекел деңгейіне сәйкес (қызыл, сары, жасыл аймақ) білім алушылармен жүргізілетін жұмыстың алгоритмі қарастырылды;
— бақылау парақтарын толтыру және нәтижелі пайдалану жолдары түсіндірілді;
— білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мәселелері талқыланды;
- мектеп, ата-ана және жауапты мамандар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Семинар қорытындысында білім беру ұйымдарында тәуекел тобындағы білім алушылармен жүргізілетін алдын алу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, мониторингті тұрақты жүргізу және әрбір баламен жеке жұмыс жоспарын сапалы іске асыру бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді.
Семинар барысында тәуекел тобындағы білім алушылардың мінез-құлқындағы, эмоционалдық жағдайындағы және оқу үдерісіндегі өзгерістерді дер кезінде байқаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Мұндай жағдайда педагогтер тарапынан баланың мәселесіне үстірт қарамай, оның туындау себептерін анықтап, қажетті қолдау тетіктерін уақытылы қолдану қажеттігі айтылды.
Қатысушыларға профилактикалық жұмысты тек мәселе туындағаннан кейін ғана емес, оның алдын алуға бағыттап жүргізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар берілді. Бұл ретте білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру, оның қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына жағдай жасау маңызды екені назарға алынды.
Мамандардың айтуынша, тәуекел тобындағы балалармен жұмыс барысында сенімге негізделген қарым-қатынас орнату айрықша мәнге ие. Бала өзін еркін сезінген жағдайда ғана өз мәселесін ашық айтып, мамандардан қажетті көмек алуға мүмкіндік туады.
Сонымен қатар ата-аналармен кері байланысты жолға қою, отбасындағы жағдайды ескеру және ата-аналарды профилактикалық жұмыстарға белсенді тарту қажеттігі айтылды. Баланың мәселесін шешуде мектеп пен отбасының бір бағытта әрекет етуі оң нәтижеге қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі екені атап өтілді.
Жиында педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу және тиімді жұмыс әдістерін білім беру ұйымдарының тәжірибесіне енгізу мәселесіне де назар аударылды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, күнделікті тәжірибеде кездесетін мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Осындай әдістемелік кездесулер білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмысын жүйелеуге, мамандардың өзара тәжірибе алмасуына және әр білім алушыға дер кезінде қажетті қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Басты мақсат – баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оның әлеуетін толық ашуына қолайлы психологиялық-педагогикалық орта қалыптастыру.
Семинарда әр білім алушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізудің, оның психологиялық жай-күйіне тұрақты назар аударудың және өзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті шара қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізу білім алушылардың әлеуметтік бейімделуіне және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға оң ықпал ететіні айтылды.
Жиын соңында қатысушылар практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Алдағы уақытта профилактикалық жұмыстарды одан әрі жүйелендіріп, білім алушыларға көрсетілетін психологиялық және педагогикалық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары