Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » «Әдістемелік бірлестік: ізденіс, тәжірибе, жетістік» байқауы өтті

«Әдістемелік бірлестік: ізденіс, тәжірибе, жетістік» байқауы өтті

Әдістемелік бірлестіктің 2025-2026 оқу жылы бойынша атқарған жұмыстарына талдау жасау, педагогтердің кәсіби жетістіктерін саралау, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстардың тиімділігін анықтау және алдағы оқу жылына жаңа міндеттер белгілеу мақсатында Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы білім беретін мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Несібелі Исмаилқызы Толаеваның ұйымдастыруымен «Әдістемелік бірлестік: ізденіс, тәжірибе, жетістік» атты мектепішілік байқау өткізілді.

Байқау барысында әдістемелік бірлестіктер өздерінің жыл бойы атқарған жұмыстарын жан-жақты таныстырып, шығармашылық ізденістері мен жетістіктерін ортаға салды.

І кезең – «Бірлестікті шығармашылық таныстыру» Бұл кезеңде қатысушылар өз бірлестіктерінің ерекшелігін, мақсат-міндеттерін, жетістіктері мен жұмыс бағыттарын шығармашылық тұрғыда ұсынды. Әрбір бірлестік тың идеяларымен, жаңашыл көзқарасымен және ұйымшылдығымен ерекшеленді.

ІІ кезең – «Құжаттық есеп» Әдістемелік бірлестіктер оқу жылы бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесін құжаттық негізде ұсынып, жоспарлардың орындалуы, мұғалімдердің кәсіби дамуы, ашық сабақтар, семинарлар мен түрлі іс-шаралар туралы толық есеп берді.

Байқау қорытындысында қатысушылардың кәсіби ізденісі, шығармашылығы және бірлестік жұмысының тиімділігі жоғары бағаланды. Мұндай іс-шаралар педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби өсуіне және білім беру сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.

Байқауға белсенді қатысқан барлық әдістемелік бірлестіктерге алғыс білдіреміз! Ізденіс пен шығармашылықтарыңыз толағай табыстарға жетелей берсін! Байқау қорытындысы бойынша жоғары ұйымдастырушылық қабілеті, жүйелі жұмысы, кәсіби ізденісі мен шығармашылық белсенділігі үшін Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі «Ең үздік бірлестік» номинациясының жеңімпазы атанды.

Педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау мен үздік тәжірибелерін кеңінен насихаттау білім беру сапасын арттырудың маңызды тетіктерінің бірі. Осы ретте әдістемелік бірлестіктердің жұмысы мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне және оқу үдерісіне заманауи бағыттарды енгізуіне мүмкіндік береді.

Білім беру саласындағы оң тәжірибелерді мемлекеттік тілде ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Педагогтердің жетістіктерін, кәсіби ізденістерін және білім беру ұйымдарындағы тиімді бастамаларды көпшілікке таныстыру арқылы ұстаз еңбегінің маңызын көрсетуге ерекше мән берілуде. Бұл ретте мұғалімнің қоғамдағы орны мен кәсіби беделін арттыруға бағытталған жұмыстардың маңызы зор.

Өскелең ұрпақ арасында педагог кәсібін танымал ету де білім саласындағы басым бағыттардың бірі. Ұстаздық мамандықтың қыр-сырын таныстырып, педагог еңбегінің қоғам дамуындағы рөлін түсіндіру арқылы жастардың бұл мамандыққа деген қызығушылығын арттыру көзделеді. Білікті әрі өз ісіне адал мұғалімдердің өнегелі жолы жас ұрпақ үшін жақсы үлгі бола алады.

Мектепке дейінгі білім беруден бастап орта білім беру деңгейіне дейінгі сабақтастықты қамтамасыз ету де назарда. Баланың ерте жастан сапалы білім мен тәрбие алуына жағдай жасау, кейінгі оқу кезеңдерінде оның қабілеті мен қызығушылығын дамыту үшін педагогтердің кәсіби дайындығы мен әдістемелік қолдауының маңызы ерекше.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында педагогтердің бастамаларын қолдау, шығармашылық жобаларға қатысуына мүмкіндік беру және үздік тәжірибелерін тарату жұмыстары жалғасын табады. Мұндай қолдау мұғалімдердің кәсіби белсенділігін арттырып қана қоймай, әріптестері арасында тәжірибе алмасу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Жалпы, осындай кәсіби байқаулар мен әдістемелік іс-шаралар ұстаздардың еңбегін бағалап, олардың ізденісіне жаңа серпін береді. Үздік педагогикалық тәжірибені дәріптеу, білім беру саласындағы жетістіктерді мемлекеттік тілде кеңінен насихаттау және педагог мамандығының беделін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Осындай бастамалар арқылы педагогтердің кәсіби әлеуетін арттырумен қатар, білім беру саласындағы озық тәжірибелерді кеңінен таратуға жол ашылады. Ұстаз еңбегін дәріптеу, кәсіби жетістіктерді насихаттау және өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіне үлес қосатын педагогтерді қолдау – білім беру саласын дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*