Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Қалалық кітапханада «Еңселі Елорда – асқақтаған Астана!» жыр шашу кеші өтті

Қалалық кітапханада «Еңселі Елорда – асқақтаған Астана!» жыр шашу кеші өтті

Түркістан қалалық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 6 шілде – Астана күніне орай «Еңселі Елорда – асқақтаған Астана!» атты жыр шашу кеші ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды Астана қаласының бүгінгі келбетімен, даму жетістіктерімен таныстырып, олардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжандылық рухын қалыптастыру.

Шараға кітапханашылар мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Кеш барысында кітапхана оқырманы Таубай Ислам қазақтың қара домбырасымен попурри орындап, ұлттық өнердің көркін паш етті. Сондай-ақ Түркістан қалалық орталық кітапханасының кітапханашылары Төлбасы Эльвира, Рысбай Мейірім, Рысбай Сәния, Абдулла Құндызай және Алдашбек Аяна Астана туралы жыр шумақтарын мәнерлеп оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Астана туралы әдебиеттерге шолу жасау оқырмандардың елорда тарихына деген қызығушылығын арттырып, еліміздің даму жолын тереңірек тануына мүмкіндік берді. Кітап арқылы тарихи деректермен танысу жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттырып, ел жетістіктерін бағалауға ықпал етеді.

Елорда келбеті – елдегі жаңару мен жасампаздықтың жарқын көрінісі. Астананың заманауи дамуы жастарды жаңа идеяларға ұмтылуға, ізденуге және өз қабілеттерін қоғам игілігіне бағыттауға жігерлендіретін маңызды мысал бола алады.

Осындай мәдени-танымдық кездесулер кітапхананың білім мен руханиятты насихаттайтын орталық ретіндегі маңызын арттыра түседі. Оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын қолдау арқылы кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және білімді, белсенді азамат тәрбиелеуге жол ашылады.

Мерекелік кеш елордаға деген құрметті арттырып қана қоймай, қатысушыларды ел болашағына жауапкершілікпен қарауға, білім мен еңбекті бағалауға және Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуға үндеді.

Іс-шара соңында қатысушылар «Асқақта, айбынды елдің Астанасы» атты кітап көрмесімен танысып, елордамыздың тарихы мен жетістіктеріне арналған әдебиеттерге шолу жасады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*