Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан кітапханаларында ұлттық өнерге арналған шара өтті

Түркістан кітапханаларында ұлттық өнерге арналған шара өтті

Түркістан қалалық №9 және №10 кітапхана-филиалдарының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра үні – жүрек үні» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың домбыра өнеріне деген қызығушылығын арттыру және халқымыздың мәдени мұрасын насихаттау.

Шара барысында домбыраның шығу тарихы, қазақтың күй өнері және атақты күйшілердің мол мұрасы туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Қатысушыларға домбыраның ұлттық мәдениетімізді сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі маңызы түсіндіріліп, ұлттық өнерді қастерлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екені айтылды.

Іс-шара қонағы ұстаз Г. Шалабаева домбыраның шығу тарихына тоқталып, қысқаша тағылымды мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар оқырмандарымыз Н.Шалабаева мен Н.Қадырқары домбырада ән-күй орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ұлттық өнерді кітап арқылы танып-білу де жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, білімге деген қызығушылығын арттыра түседі. Домбыра тарихы мен күй өнеріне арналған әдебиеттер оқырмандарға халқымыздың мәдени мұрасын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.

Осындай тағылымды кездесулер ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, жастарды ізденіске, шығармашылыққа және жасампаздыққа баулиды. Өнер мен білімді қатар ұштаған ұрпақ елдің рухани дамуына өз үлесін қоса алады. Ұлттық өнерге қызығушылықты арттыратын мәдени кездесулер жастарды білімге, шығармашылыққа және рухани құндылықтарды қастерлеуге үндейді.

Шара соңында тақырыпқа сай кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандар ұлттық өнерге арналған әдебиеттермен таныстырылды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*