Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП, МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ КЕҢЕЮДЕ

САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП, МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ КЕҢЕЮДЕ

Шымкент қаласында денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасын тауып отыр. Әсіресе, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи технологияларды енгізу, жоғары технологиялық медициналық көмектің көлемін ұлғайту басты назарда. Соңғы жылдары медициналық ұйымдардың желісі кеңейген. Бүгінде қала тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық көмектен бастап, жоғары технологиялық стационарлық емге дейінгі барлық қызмет түрлері қолжетімді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайып, халықтың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына жағдай жасалып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жайында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалибеков брифингте баяндады.

Бүгінде қаладағы ұлттық аккредиттеуден өтуі тиіс 91 медициналық ұйымның 63-і аккредиттеуден өтіп, бұл көрсеткіш 67 пайызды құрап отыр екен. Бұл медициналық қызметтердің сапасын халықаралық талаптарға сәйкестендіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстың нақты нәтижесі.

Медициналық ұйымдарды жаңғырту жұмыстары аясында диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізуге, қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге басымдық берілуде. Бұл дәрігерлердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтіп, тұрғындарға медициналық көмекті ерте кезеңде алуға және ауруларды сапалы диагностикалауға жағдай жасайды.

Сонымен қатар, медициналық қызмет сапасын бағалау мен бақылау тетіктерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуде. Аккредиттеуден өту көрсеткішінің өсуі медициналық ұйымдардың ішкі үдерістерін ретке келтіріп, пациент қауіпсіздігі мен көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған талаптардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын одан әрі дамыту, медициналық ұйымдардың техникалық мүмкіндіктерін арттыру және заманауи технологияларды кеңінен қолдану көзделуде. Бұл жұмыстар қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырып, қажетті қызметтерді уақытылы алуға мүмкіндік беретін тиімді жүйені қалыптастыруға бағытталған.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*