2026 жылғы 17–19 шілде аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасы аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті нығайту.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайлар бойынша профилактикалық тексерулер жүргізіп, қолайсыз отбасылармен және профилактикалық есепте тұрған азаматтармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерін анықтау, олардың алдын алу және құқықтық көмек көрсету шаралары күшейтіледі.
Тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңестер беріледі. Бұл жұмыстар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Полиция қызметкерлері іс-шара барысында азаматтардың өтініштері мен хабарламаларына ерекше назар аударып, отбасындағы жанжалдардың ушығуына жол бермеуге бағытталған шараларды қабылдайды. Қажет болған жағдайда құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамаға сәйкес тиісті ықпал ету шаралары қолданылады.
Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстарға тұрғындардың белсенді қатысуы маңызды. Көршілер мен жақындары тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерін байқап, немқұрайлы қарамай, тиісті органдарға дер кезінде хабарласа, көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алуға болады.
«Қауіпсіз үй» іс-шарасы аясындағы жұмыстар тек құқық бұзушылықты анықтаумен шектелмей, оның себептері мен жағдайларын жоюға бағытталады. Профилактика, түсіндіру және өзара жауапкершілік арқылы отбасылардағы қауіпсіз ортаны қалыптастыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік бар.
Құрметті қала тұрғындары! Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз немесе осындай жағдайдың құрбанына айналсаңыз, уақыт оздырмай полицияға немесе тиісті құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Әрбір азаматтың өмірі мен қауіпсіздігі – басты назарда.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірлесе әрекет етіп, қауіпсіз қоғам қалыптастырайық.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары