Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғындардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылды. Негізгі мақсат – азаматтардың қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, интернет кеңістігіндегі қауіптерден сақтану дағдыларын нығайту.

Осы кезеңде өңірде ауқымды ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылып, түрлі жастағы тұрғындар қамтылды. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған дәрістер мен семинарларда қаржылық сауаттылық, жеке қаржыны тиімді басқару, цифрлық гигиена, жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз пайдалану және жеке деректерді қорғау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар мамандармен еркін пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық анимациялық жоба әзірленіп, қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы әлеуметтік бейнероликтер көпшілік назарына ұсынылды. Әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар кең аудиторияның қызығушылығына ие болып, профилактикалық ақпараттың қолжетімділігін арттыруға ықпал етті.

Қаржылық сауаттылық айлығы аясында интерактивті кездесулер, QUIZ ойындары, экскурсиялар және дөңгелек үстелдер өткізіліп, тұрғындардың белсенді қатысуымен мазмұнды алаң қалыптасты. Бұдан бөлек, белгілі медиа тұлғалар мен спортшылардың қатысуымен дайындалған бейнероликтер мен еркін форматтағы кездесулер жастар арасында қаржылық қауіпсіздік мәдениетін насихаттаудың жаңа тетігіне айналды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға қаржылық алаяқтықтың кең тараған түрлері, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларды ажырату, белгісіз сілтемелерге өтпеу және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілді. Әсіресе цифрлық сервистерді белсенді пайдаланатын жастар мен егде жастағы азаматтардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру тек ақпарат берумен шектелмей, азаматтардың күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдау дағдыларын жетілдіруге бағытталуда. Алдағы уақытта да тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған түсіндіру кездесулері мен ақпараттық науқандар тұрақты түрде ұйымдастырылып, қауіптердің алдын алу жұмыстары жалғасын табады.

Жыл соңына дейін бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, жаңа ақпараттық жобалар, интерактивті бағдарламалар және жастарға арналған ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Мұндай бастамалар қоғамда қаржылық сауаттылықты арттыруға және қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға өз үлесін қоса береді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*