Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасы 2026 жылдың бекітілген жоспарлары мен индикаторларына сәйкес жер қатынастары саласында кешенді жұмыстарды жүзеге асыруда. Басқарма қызметі мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, жер ресурстарын тиімді басқаруға және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Басқармада бекітілген штаттық құрылымға сәйкес мемлекеттік қызметкерлер өз міндеттерін атқаруда. Сонымен қатар, жобалық кеңсе аясында жоспарланған бюджет пен I-komek индикаторлары бойынша жұмыстар белгіленген жоспарға сай орындалуда.
Шымкент қаласының жалпы аумағы 116 280 гектарды құрайды. Қала бес ауданға бөлініп, тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық және өзге де мақсаттағы аумақтарды қамтиды. Жер қорының есебі тұрақты түрде жүргізіліп, жер ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
2026 жылға бөлінген қаражат мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою және басқарманың қызметін қамтамасыз ету бағыттарына жұмсалуда. Бөлінген бюджет қаражатын жыл соңына дейін толық әрі сапалы игеру жоспарланған.
Жыл басынан бері басқармаға келіп түскен өтініштер мен арыздарға заңнама талаптарына сәйкес уақтылы жауап берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету бағытында мыңдаған өтінім қабылданып, тұрғындарға қызмет көрсетілді. I-komek бірыңғай байланыс орталығы арқылы келіп түскен өтініштер де жедел қаралып, тиісті жауаптар ұсынылды.
Осы кезеңде қала әкімдігі тарапынан жер учаскелерін мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне және жеке тұрғын үй құрылысына беру, сондай-ақ жердің нысаналы мақсатын өзгертуге қатысты бірқатар қаулылар қабылданды. Бұл жұмыстар қаланың тұрақты дамуына және инвестициялық белсенділікті қолдауға бағытталған.
Жер ресурстарын тиімді басқару қала аумағын жоспарлы дамыту мен инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды орналастыруда маңызды рөл атқарады. Осы бағытта жер учаскелерін пайдалану мәселелерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеу, олардың нысаналы мақсатын сақтау және бос жерлерді ұтымды игеру бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Бұл ретте тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау басты назарда.
Алдағы кезеңде де жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, өтініштерді қарау сапасын жақсарту және цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану көзделіп отыр.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары