Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Таза Қазақстан»: Шымкентте экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акциялар жалғасуда

«Таза Қазақстан»: Шымкентте экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акциялар жалғасуда

Шымкентте Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.  Қаланың көркін арттыруды және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтуді көздейтін бастамаға коммуналдық қызмет мамандары да, ерікті жастар да белсенді атсалысып келеді. Бұл жолғы акциялар жасыл желекті күтіп-баптау мен қоғамдық орындарды абаттандыру бағытында ұйымдастырылды.

Қаланың Орманшы тұрғын алабында орналасқан «Тұқымбақ» аумағында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық шарасына Шымкенттің бес ауданынан келген коммуналдық мекемелердің 100-ден астам қызметкері қатысып, жасыл аймақты ретке келтіру жұмыстарына жұмылдырылды.

Сенбілік барысында шөп шабылып, ағаштардың артық бұтақтары қырқылды, арамшөптер тазартылып, көшеттер өсетін аумақтар күтіп-бапталды. Бұл жұмыстар көшеттердің сапалы өсіп-жетілуіне жағдай жасап, алдағы күзгі ағаш отырғызу маусымына дайындықты күшейтуге мүмкіндік береді.

«Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Ербол Есіркеповтің айтуынша, тұқымбақтағы жұмыс жыл он екі ай бойы үздіксіз жүргізіледі.

Жалпы аумағы 12 гектарды құрайтын тұқымбақта қала көшелері мен саябақтарын, гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға арналған түрлі ағаш және бұта көшеттері өсіріледі. Мұнда күн сайын 35 қызметкер көшеттерді суару, күтіп-баптау, жерді қопсыту және арамшөптерден тазарту жұмыстарын атқарады. Өсірілген көшеттер кейін Шымкенттің жасыл қорын толықтыруға пайдаланылады.

Экологиялық бастама тек коммуналдық сала қызметкерлерімен ғана шектелмейді. Осы бағдарлама аясында Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың қатысуымен де кең көлемді акция өтті.

Іс-шараға 14 пен 35 жас аралығындағы 40 ерікті қатысты. Олардың қатарында мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, жас мамандар және қоғамдық ұйымдардың белсенділері болды. Әртүрлі ортадан жиналған жастарды туған қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу мақсаты біріктірді.

Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаментінің, прокуратура органдарының және экологиялық қызметтердің өкілдері де қатысып, жастармен қоғамдық тәртіпті сақтау, табиғатты аялау және азаматтық жауапкершілік мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*