Шымкент қаласында 2026 жылы 31 398 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 24 731 адам қамтылып, жоспар 78,8%-ға орындалды.
Оның ішінде 15 964 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 2 440 адам уақытша жұмыс орындарына тартылды. Сонымен қатар, 6 327 адам онлайн платформа арқылы кәсіби білім алуға жолданды.
Еңбек мобильділігі орталығы арқылы 15 302 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Кәсіби білім беру бағытында 3 660 адамды оқуға жолдау жоспарланғанымен, нақты 3 785 адам білім алуға жіберілді. Нәтижесінде жоспар 103,4%-ға орындалды.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытында 2 530 адамға қолдау көрсету жоспарланып, нақты 2 645 азаматқа қолдау көрсетіліп, 104,5 пайызға орындалды.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында 2 130 адамды кәсіпкерлік негіздерге оқыту жоспарланса, нақты 2 542 адам оқуға тіркелді. Көрсеткіш 119,3%-ды құрады.
Сонымен қатар, 400 азаматқа қайтарымсыз грант беру жоспарланып, бүгінгі таңда 103 адам грант иеленді. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 2 336 адам жұмысқа жолданды.
Қазіргі таңда 6 535 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Шымкент қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары және жеке бастамалар аясында биыл 9 446 жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның 9 086-сы тұрақты, 360-ы уақытша жұмыс орындары. Бүгінде 9 429 адам жұмысқа орналасып, жоспар 99,8%-ға орындалды.
Жұмыспен қамту шаралары азаматтардың еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне және тұрақты табыс көзіне ие болуына бағытталған. Бұл ретте жастарды, жұмыссыз азаматтарды және жаңа кәсіп бастауға ниетті тұрғындарды қолдауға ерекше көңіл бөлінуде.
Кәсіби оқыту мен қайта даярлау бағдарламалары арқылы еңбек нарығында қажетті дағдыларды игеруге мүмкіндік берілуде. Оқыту курстарынан өткен азаматтардың алған білімін нақты жұмысқа орналасуда немесе жеке кәсібін бастау кезінде пайдалануына жағдай жасалуда.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы азаматтарға өз ісін бастауға, кәсіби білім алуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін қолдау тетіктері ұсынылуда.
Алдағы уақытта еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы шаралар жалғасын табады.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы барлық бос жұмыс орны туралы ақпарат http://xn--nbek-u4d.kz/ порталында жарияланған.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары