Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ – ХАНТӘҢІРІ

ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ – ХАНТӘҢІРІ

Шымкент қаласы ОККЖ –не қарасты  №13кітапхана бөлімшесі №43 жалпы орта мектебінің оқушыларымен  бірлесе, «Қазақ жырының Хантәңірі» атты тақырыпта ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 90 жыл толуына орай поэзия кеші өткізілді.

Жүргізуші  №13 кітапхананың меңгерушісі Емкулова Гүлназым кіріспе сөзінде қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде ол өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбек еткен ақын жайлы қысқаша тоқталып өтті.

№43 жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Маханова Гүлнүр  «Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді» атты тақырыпта баяндама жасап, ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті.

№43 жалпы орта мектебінің директордың орынбасары Турегельдиева Рано:

– Бұл шексіз дүниенің шегіне ешкім жеткен емес. Түпсіз ғылымның  тұтқасын кім ұстаған? Бірақ осы жолда әрбір адам өзінің шама шарқын пайдаланып, ақыл-ойы жеткен жеріне бір белгі қалдыруы керек қой. Сол белгіңмен санатқа өзіңнен кейінгі ұрпаққа жол көрсетіп, сапқа тұрсаң, белгілі санатқа қосылсаң, мәңгілік есте  қалғаның сол емес пе? Бұл қазақ халқының зар-мұңын жоқтап, тілеуін тілейтін жыр жазған дарабоз ақын,- деп тебірене сөйледі.

№13 кітапхана бөлімшесінің тұрақты оқырманы Машкалов Талғат та өз кезегінде

Мұқағали Мақатаевтың жырлары терең ойлылығымен, қарапайымдылығымен елітіп, еріксіз баурап әкетеді. Жаны жайсаң жақсы адамдардың өзіне баурап, ғашық ететіні секілді, сондай жақсы жырды оқи отырып, ақынға ғашық боласыз. Бүгінгі күні ақын поэзиясының күркіреген үнін, дауылдатқан күйін, найзағайдай жарқылын, шынайы таза болмысын көресің. Ақынның өлеңдеріне  бүкіл өмір тілегі, тіршілік талабы, теңдігі жатыр. Ақынның жырларын біздей әрбір қазақ жүрегімен сүйе білсе – ол ақынның алмас шыңы емес пе? -деді.

№43 жалпы орта мектебінің оқушылары ақынның өлеңдерін оқыды. Кітапханамыздың «Оқы,талқыла, Суретте» жоба аясында  «Мұқағали – ғажайып біртұтас әлем» атты тақырыпта онлайн режимінде де Мұқтар Әуезов атындағы ОҚМУ –нің  екі шет тілі кафедрасының аға оқытушысы Закира Алифбаевнаның жетекшілігімен  мәдениет және спорт факультетінің 1-курс студенттері Айып Ұлдана, Тургунбаева Аружан, Айдар Назерке, Акрамов Аян, Сахова Майра  Төлепберген Гүлмарал т.б  студент жастар ақынның өлеңдерін оқыды.

«Мұқағали ғасыр ақыны» атты кітап көрмесіне №13 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі Емкулова Гүлназым библиографиялық шолу жасап, қорытындылады.

 

Шымкент ОККЖ-не қарасты

№13 кітапхана бөлімшесінің қызметкерлері.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*