Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент »  АБАЙ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

 АБАЙ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Абай ауданының әкімі Шәкір Сұлтанхан 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданның даму көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстарды таныстырды.

Биыл ауданда тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға басымдық беріліп отыр. Атап айтқанда, 35 көшеге 44,5 шақырым аяқжол салынып, жұмыстар толық аяқталды. Ақжайық шағын ауданындағы 18 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы жарықтандырылды. Сонымен бірге Асар шағын ауданындағы 30 үйдің қасбетіне архитектуралық жарық орнатылды.

Аудан инфрақұрылымын жақсарту бағытында көшелерді асфальттау және жарықтандыру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда көшелердің 95,4 пайызы асфальтталған, ал жарықтандырумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетті.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында да нақты жобалар іске асырылуда. Бірінші жартыжылдықта 9 ойын алаңы мен 2 гүлзар пайдалануға берілді. Қалған нысандардың құрылысын қазан айының соңына дейін аяқтау көзделген.

Ауданның елді мекендерінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру бойынша да бірқатар міндеттер кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Тұрғындардың күнделікті қажеттіліктерін ескере отырып, аулаларды жаңғырту, қоғамдық кеңістіктерді көбейту және көшелердің жайлылығын арттыру жұмыстары жалғаса береді.

Жол қауіпсіздігі мен жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау да назардан тыс қалған жоқ. Жаңа аяқжолдардың салынуы тұрғындардың емін-еркін қатынауына мүмкіндік берсе, көшелердің жарықтандырылуы кешкі және түнгі уақытта қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді. Бұл жұмыстар әсіресе халық көп шоғырланған аумақтар үшін маңызды.

Алдағы кезеңде ауданда қолға алынған жобаларды сапалы аяқтап, абаттандыру деңгейін одан әрі көтеру жоспарланып отыр. Негізгі мақсат – елді мекендердің көркін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту және қолайлы орта қалыптастыру, аудан тұрғындарының ұсыныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, нақты нәтижеге қол жеткізу.

Ауданда тазалық пен абаттандыру жұмыстары да тұрақты назарда. «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 31 сенбілік өткізіліп, оған 50 мыңға жуық тұрғын, кәсіпкер, мемлекеттік қызметші, ерікті және БАҚ өкілі қатысты. Бұл жұмыстар аудан аумағында әрі қарай да жалғасын табады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*