Әл-Фараби ауданында тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. Ауданның 8 айдағы жұмысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте таныстырылды.
Ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыты — тұрғындардың күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру. Көшелер мен аулалардың абаттандырылуы, жолдардың жөнделуі, жарықтандыру жүйесінің жаңаруы және тұрғын үй қорын жаңғыртуы аудан инфрақұрылымының сапасын арттыруға ықпал етіп отыр.
Жүргізілген жұмыстар ауданның санитарлық тазалығын сақтауға, қоғамдық кеңістіктердің көркін жақсартуға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Нәтижесінде инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйі жақсарып, аудан аумағында өмір сүруге қолайлы ортаны қалыптастыруға мүмкіндік беріліп келеді.
Брифинг барысында жылыту маусымына дайындық барысы да айтылды. Ауданда орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 860 көппәтерлі үйдің 574-інде сығымдау жұмыстары жүргізіліп, дайындық деңгейі 66,74 пайызға жеткен.
Ауданның санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында 121 арнайы техника мен 558 қызметкер тұрақты жұмыс атқаруда. Бұған қоса жасыл желектерді суаруға күн сайын 20 арнайы техника жұмылдырылады. Бұл жұмыстар аудан аумағын таза әрі жайлы ұстауға бағытталған.
Сондай-ақ санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп, аудан аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 15 сенбілік ұйымдастырылды. Оған 21 мыңға жуық адам қатысып, 200 техника жұмылдырылып, 500 тонна қоқыс шығарылды.
Абаттандыру шараларымен қатар, қоғамдық кеңістіктердің сапасын арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Жаңартылған саябақтар мен абаттандырылған аулалар тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, ауданның сәулеттік келбетін жақсартуға оң әсерін тигізіп отыр.
Алдағы уақытта басталған жобаларды сапалы аяқтап, тұрғындардың ұсыныстары мен сұраныстарын ескере отырып, инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру жоспарлануда. Бұл жұмыстар аудан аумағында қауіпсіздік пен жайлылықты арттырып, халық үшін қолайлы әрі заманауи орта қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы әлеуметтік нысандардың жұмысына және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасына баса назар аударылуда. Бұл бағыттағы шаралар халықтың қажеттіліктерін жедел шешуге, қоғамдық ортадағы қолайлылықты арттыруға және ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары