Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Бозарықта тағы 40 отбасы баспаналы болды

Бозарықта тағы 40 отбасы баспаналы болды

Шымкентте баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасуда. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен салтанатты шарада пәтер кілті табысталып, 40 отбасы баспаналы болды. Жаң үйлер Бозарық шағын ауданында орналасқан,

Тұрғындарға 1, 2 және 3 бөлмелі, толық әрленген пәтерлер жалға беру тәртібімен берілді. Кейіннен сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған. Басымдық әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға, оның ішінде жалғызбасты аналарға, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға және толық емес отбасыларға берілді.

Биыл Шымкентте жалпы 7 386 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда оның 3 370-і тұрғындарға табысталды. Қалған баспаналар жыл соңына дейін кезең-кезеңімен беріледі.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*