2026 жылғы 1 сәуірден бастап субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларына маңызды өзгерістер енгізілді.
Енді талаптар жұмыс берушінің санатына қарай сараланады.
ҮЕҰ үшін:
-ҮЕҰ дерекқорында тіркелуі;
-арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар тізілімінде болмауы қажет.
Мемлекеттік мекемелер үшін:
-жалақы бойынша мерзімі өткен берешек болмауы;
-электрондық еңбек шарттары тіркелген және міндетті зейнетақы жарналары аударылатын қызметкерлері болуы тиіс.
ЖК, коммерциялық ұйымдар, шаруа қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін:
-жалақы бойынша берешек болмауы;
-соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдерді тұрақты аударуы;
-жалған кәсіпкерлік субъектілері тізімінде болмауы;
-қызметкерлермен электрондық еңбек шарттарын рәсімдеп, міндетті зейнетақы жарналарын төлеуі;
-өткен жылы субсидияланатын жұмыс орындарында еңбек еткен азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруы қажет.
Қоғамдық жұмыс орындарының саны да сараланады:
— ауылдық округ әкімдіктері мен коммуналдық мекемелерде – халық санына қарай;
— ҮЕҰ үшін Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда – 1–10 орынға дейін;
— облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдарда – 1–5 орын;
— мемлекеттік ұйымдар және мемлекеттік үлесі 50%-дан асатын заңды тұлғаларда – 1–5 орын;
— ЖК мен коммерциялық ұйымдарда – 1–5 орын.
Өтінім беру мерзімдері:
-2027 жылға – жыл сайын 20–31 желтоқсан аралығында;
-2026 жылға – 1 ақпаннан 30 қыркүйекке дейін.
Маңызды: 2027 жылға субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер жаңа, сараланған талаптарға сәйкес қабылданады.
Жаңа талаптардың енгізілуі субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жұмыс берушілердің санатына қарай қойылатын талаптарды нақтылау қаражатты мақсатты пайдалануға және еңбек қатынастарының заң талаптарына сай жүргізілуіне мүмкіндік береді.
Жұмыс берушілер өтінім бермес бұрын өз ұйымының белгіленген талаптарға сәйкестігін алдын ала тексеріп, қажетті құжаттар мен мәліметтердің толық болуын қамтамасыз еткені маңызды.
Бұл өтінімдерді қабылдау барысында туындауы мүмкін мәселелердің алдын алып, жұмыс орындарын уақытылы ұйымдастыруға жол ашады.
Жұмыс берушілерді өзгерістермен мұқият танысып, белгіленген талаптарды сақтауға және өтінімдерді уақытында беруге шақырамыз!
Субсидияланатын жұмыс орындары – жұмыс берушіге де, жұмыс іздеуші азаматқа да жаңа мүмкіндік!
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары