Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Шымкентте отбасылық қауіпсіздікке бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Шымкентте отбасылық қауіпсіздікке бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметтің негізгі бағыттарының бірі — отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті қолдау көрсету. Осы бағытта Шымкент қаласында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында агрессорлар мен жәбірленушілер арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында құқықтық жауапкершілік, жәбірленушілердің құқықтары, қауіпсіздік шаралары және отбасылық жанжалдардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар сталкингтің, яғни адамның келісімінсіз оның артынан аңду, мазалау және бақылау әрекеттерінің алдын алу, сондай-ақ қыз алып қашуға жол бермеу және мұндай әрекеттер үшін көзделген құқықтық жауапкершілік жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қажет болған жағдайда психологиялық және құқықтық көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Профилактикалық кездесулер барысында азаматтарға өз құқықтарын білу, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу және қауіп төнген жағдайда тиісті органдар мен мамандардың көмегіне жүгіну қажеттігі түсіндірілді. Әсіресе әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Қалада ана мен баланы қорғау бағытындағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Мамандар азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және қиын жағдайларда тиісті көмекке жүгіну бойынша қажетті ақпарат беруде.

Мұндай шаралар отбасындағы қауіпсіздікті нығайтып, зорлық-зомбылықтың алдын алуға ықпал етеді.

Шымкент қаласында мұндай профилактикалық жұмыстардың жүйелі жүргізілуі отбасылық жанжалдардың алдын алуға, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің жолын кесуге және отбасыларда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған.

Ана мен баланың қауіпсіздігі — қоғамның ортақ жауапкершілігі. Отбасындағы өзара сыйластық, түсіністік пен жауапкершілікті арттыру арқылы зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әрбір отбасы мүшесінің құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*