Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Жанаталапта балаларға жаңа ойын алаңы ашылды

Жанаталапта балаларға жаңа ойын алаңы ашылды

Шымкент қаласының Жанаталап шағынауданында заманауи балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Жаңа алаң заманауи қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған. Мұнда сырғанақтар, әткеншектер, турникеттер және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін резеңке жабын қарастырылған. Ойын аймағы әр жастағы балалардың белсенді демалысына мүмкіндік береді.

Тұран ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Балғанов жаңа нысанның басты мақсаты – балаларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру екенін атап өтті.

«Балалар алаңы – жай ғана ойын орны емес, тұрғындар бас қосатын, балалардың белсенді демалуына мүмкіндік беретін қоғамдық кеңістік. Мұндай нысандар шағынаудандардың көркеюіне және жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді», – деді ол.

Тұрғындар да жаңа нысанның ашылғанына қуанышты. Бұған дейін балалардың ойнайтын арнайы орны болмағанын айтқан жергілікті тұрғындар енді ойын алаңының үйлеріне жақын орналасқанын атап өтті.

Жанаталаптағы жаңа алаң – шағынаудандарды абаттандыру және балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі. Алдағы уақытта қала аумағында балалар және спорт алаңдарын көбейту, аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасын табады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*