Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Шымкент: Ақтас шағынауданында жаңа ойын алаңы ашылды

Шымкент: Ақтас шағынауданында жаңа ойын алаңы ашылды

Шымкенттің Тұран ауданындағы Ақтас шағынауданында жаңа балалар ойын алаңы тұрғындар игілігіне берілді.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 400 шаршы метр аумақ абаттандырылып, заманауи ойын және воркаут алаңдары, жарықтандыру жүйесі орнатылды.

Құрылыс жұмыстары тамыз айының басында басталып, белгіленген мерзімде аяқталды. Нысанға 3 жылдық кепілдік берілген.

Тұрғындар жаңа алаңның ашылуына қуанып, оның игілігін пайдалану және тазалығын сақтау жауапкершілігін өз мойындарына алуға дайын екендерін жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*