Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ ЖАҢА СПОРТ ЖӘНЕ БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ ЖАҢА СПОРТ ЖӘНЕ БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылуда. Жоба аясында қаладағы бес аудан аумағында заманауи талаптарға толық сай келетін жаңа спорт және балалар ойын алаңшасы ресми түрде пайдалануға беріліп отыр.

Соның бірі – Абай ауданындағы бұл нысан жергілікті тұрғындардың тікелей бастамасы мен ұсынысы негізінде, дауыс беруі нәтижесінде бой көтерген маңызды әлеуметтік инфрақұрылымдардың бірі. Жобаны жоспарлау және салу барысында тұрғындардың сұраныстары мен балалардың қауіпсіздігі толығымен ескерілді.

Спорт нысаны тұрғындардың көптен бергіі тілегін орындап, инфрақұрылымды жақсартуға үлес қосып отыр. Енді балалар бос уақытын тиімді өткізіп, спортпен айналысады.

Көп функциялы спортқа арналған кеңістікте футбол мен баскетбол ойнауға арналған әмбебап алаңша биік қоршаулармен қапталып, арнайы спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Балаларға арналған ойын кешенінде түрлі жастағы балалардың физикалық дамуы мен белсенді ойындарына арналған сырғанақтар, әткеншектер және өрмелеу елеуіштері орнатылған. Жоғары қауіпсіздік стандартына сай.

Мұндай заманауи нысандар аудандардың тұрғындарының, әсіресе балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізіп, бұқаралық спортты дамытуға үлкен септігін тигізеді.

Жаңа спорт және балалар алаңшасы тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастырумен қатар, ауданның көркейіп, қоғамдық кеңістіктерінің жаңаруына да ықпал етті. Нысанның ашылуына жиналған тұрғындар мұндай бастамалардың балалар мен жастардың спортқа қызығушылығын арттыруда маңызды екенін атап өтті.

Алаңшаның іске қосылуы балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік беріп, тұрғындардың өзара араласуына да қолайлы жағдай жасайды. Спортпен шұғылдануға арналған алаңдардың қолжетімді болуы салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң әсер етпек.

Осы орайда жауапты мамандар жергілікті тұрғындарға жаңа нысанды ұқыпты пайдаланып, оның тазалығы мен қауіпсіздігін сақтауға шақырды. Алдағы уақытта қала аумағында тұрғындардың ұсыныстары мен бастамалары негізінде осындай әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасын табады.

Айта кетейік, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы тұрғындардың бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріліп келеді. Бұл өз кезегінде азаматтардың қала аумағын дамытуға белсенді араласуына және өздері тұратын ортаның жақсаруына ықпал етуде.

 

Фото ЖИ көмегімен өңделді. 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*