Құрылтай сайлауы күнінде қала тұрғындары өз сайлау учаскесіне ерекше тәсілмен жетуді ұйғарып, дауыс беруге алып әуе шарымен ұшып келді. Әуе кемесі жүздеген қала тұрғынының назарын аударып, сайлау учаскесінің жанына сәтті қонды.
Креативті сайлаушылар учаскеге кіріп, өз дауыстарын берді. Олардың айтуынша, бұл ұшу азаматтық парыз бен ел болашағы әрқашан жоғары деңгейде болуы тиіс екенін білдіреді.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары