Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » “БҮГІНГІ САЙЛАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ”⁣⁣

“БҮГІНГІ САЙЛАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ”⁣⁣

Бүгінгі Құрылтай сайлауында Шымкент қаласында 365 сайлау комиссиясы жұмыс атқарды. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру талаптарға сәйкес жүргізілді.⁣⁣

Қалалық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев дауыс беру нәтижелерін қорытындылап, БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.⁣⁣
⁣⁣
– Еліміздің тарихында алғаш рет өткен Құрылтай сайлауында қала тұрғындары белсенділік танытты. Азаматтарға дауыс беру үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалды.
Қалада 1000-ға жуық байқаушы болды. Оның ішінде, 17-і шетелдік азаматтар.
Сағат 20:00-дегі алдын ала мәлімет бойынша қалада 538 145 адам дауыс берді. Бұл — сайлаушылардың 75,42 пайызы. Толық қорытынды нәтиже сәл кейінірек жарияланады.
Сайлау барысында тәртіп бұзу жағдайлары тіркелген жоқ, — деді Қайырбек Көбекұлы.

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша сайлаушылар саны 793 491 адамды құрады. 2026 жылғы 15 наурыздағы референдуммен салыстырғанда сайлаушылар саны 2,6 %-ға (немесе 18 346 адамға) өсті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*