Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Жыл басынан бері Шымкент қаласында балалардың септиктерге, құдықтарға және ашық шұңқырларға құлауына байланысты 15 жағдай тіркелді. Оның 4-еуі қайғылы жағдаймен аяқталды.

Тек соңғы бір айдың өзінде балалардың септиктерге құлауына байланысты 3 жағдай орын алған.

Сонымен қатар, жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты 9 жағдай тіркелді. Оның 4-еуі қайғылы аяқталып, 5 бала түрлі жарақат алған.

Шымкент қаласының ТЖД ескертеді: балаларды қараусыз қалдырмау және қауіпті нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы мұндай оқиғалардың басым бөлігінің алдын алуға болады.

Қауіптің алдын алу тек ата-аналардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Ауладағы, ойын алаңдарындағы және тұрғын үйлердің маңындағы ашық құдықтар, шұңқырлар мен басқа да қауіпті нысандар дер кезінде анықталып, тиісті қызметтерге хабарлануы қажет.

Үй жағдайында да балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлген жөн. Терезе, балкон, баспалдақ және басқа да қауіпті орындарға баланың өздігінен қол жеткізу мүмкіндігін шектейтін шараларды алдын ала қарастырған маңызды.

Ата-аналармен қатар, білім беру ұйымдары мен аулалардағы жауапты тұлғалар да балаларға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын тұрақты түрде түсіндіріп отыруы керек. Әсіресе жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың қауіпсіз ортада болуын бақылау маңызды.

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіп байқалған сәтте немқұрайлы қарамай, қауіпті нысан туралы тиісті қызметтерге дереу хабарлау қажет. Бірлескен жауапкершілік пен сақтық балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Құрметті ата-аналар!

-кішкентай балаларды, тіпті қысқа уақытқа да, қараусыз қалдырмаңыздар;

— терезелерге арнайы бекіткіштер немесе блокираторлар орнатыңыздар;

— баланың терезеге шығуына мүмкіндік беретін жиһаздарды терезе маңына қоймаңыздар;

— септиктердің, құдықтар мен шұңқырлардың қақпақтарын берік жауып қойыңыздар;

— ашық әрі қауіпті учаскелерді міндетті түрде қоршаңыздар;

— қақпақтар мен қоршаулардың, сондай-ақ терезе конструкцияларының жай-күйін үнемі тексеріп отырыңыздар;

балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіздер;

балаларыңыздың қайда және қандай жерде ойнап жүргенін бақылауда ұстаңыздар.

Баланың бір сәтке қараусыз қалуы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Балаңыздың қауіпсіздігін бүгіннен бастап қамтамасыз етіңіздер.

 

Сурет: gas-kvas.com 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*